Қалалық онкология орталығының мамандары таңғы сағат 8:00-ден бастап азаматшаларды қабылдады.
Шымкентте сүт безінің қатерлі ісігін ерте сатысында анықтау мақсатында онкологтар Ашық есік күнін өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қалалық онкология орталығының мамандары таңғы сағат 8:00-ден бастап азаматшаларды қабылдады. Маммолог-дәрігерлер сүт безінің қатерлі ісігін анықтау мақсатында медициналық тексеру жұмыстарын жүргізді.
Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы мамандарының айтуынша, 63 әйел маммологтың қабылдауында болып, 17 науқас ультра дыбыстық зерттеуден өткен. Сондай-ақ3 науқастанцитологиялық тексеру үшін биопсия алынған.
Жалпы іс-шараның қорытындысында 3 науқаста қатерлі ісікке күдік және 11 науқастан қатерсіз ісік анықталды. Медицина мамандарының айтуынша, науқастарда диагностикаланған ісіктер ерте сатысында анықталғандықтан емдеуі оң нәтиже береді.
Өлім жағдайын азайтып, науқасқа дер кезінде көмек көрсетудің бірден бір жолы – ерте диагностикалау. Сондықтанауруды ерте сатысында анықтау емнің оң нәтижесі мен науқастың сауығып кетуіне зор ықпал етеді, дейді мамандар.