Өндірілген өнім көлемі бойынша бүгінде 517,8 млрд. теңгені құрады
Орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау мемлекетіміздің тұрақты стратегиясы болып табылады. . Сала экономика мен еңбек нарығының қозғаушы күшіне айналуға тиіс.
Өткен жылдың есептік кезеңінде бұл көрсеткіш 46,4%-ға өсім көрсетті. Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 213,7 мың адамға жетіп, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,8%-ға өскен.
Өндірілген өнім көлемі бойынша бүгінде 517,8 млрд. теңгені құрап, шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 50,3%-ға жетті.
Бүгінгі таңда қалада мемлекеттік бағдарламалар аясында 3516 шағын және орта кәсіпкерліктің жобаларына қолдау көрсетілді.
дереккөз: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі