Шымкентте отандық «Lux Shoes» аяқ киім фабрикасы іске қосылды

0
3 361

Аяқ киімнің барлық модельдері таза былғарыдан жасалған және төзімділігімен ерекшеленеді.


Шымкентте отандық «Lux Shoes» аяқ киім фабрикасы іске қосылды

Шымкенттегі «Lux Shoes» БК» ЖШС жаңа желісін іске қосты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Фабрика 250 жұп ЭВА, 350 жұп Термо және 150 жұп резеңке табанын дайындауға қауқарлы.
Отандық аяқ киім өндірісіне маманданған кәсіпорын 2018 жылдың тамызында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жұмысын бастаған еді. Жобаның инвестиция көлемі - 400 миллион теңге. Фабрикада 40 адам жұмыс істейді.
2020 жылдың басында кәсіпорын балалар, ерлер мен әйелдер аяқ киімдерінің, сондай-ақ арнайы аяқ киімдерінің табан өндірісін іске қосты. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында өндірісті кеңейтуге 290 млн. теңге инвестиция салынды және жергілікті тұрғындар үшін қосымша 10 жаңа жұмыс орны ашылып отыр.
ЖШС бүгінде 30-дан астам ерлер аяқ киімін өндіруде. Аяқ киімнің барлық модельдері таза былғарыдан жасалған және төзімділігімен ерекшеленеді.
Арнайы экономикалық аймақтың дайын инфрақұрылым, жер және мүлік салығынан, корпоративтік табыс салығынан босату сынды жеңілдіктері кәсіпорынның тұрақты дамуына және нарықты отандық өніммен қамтуға мүмкіндік береді.