Шымкентте өткен тәулікте 123 адамнан коронавирус анықталды

0
297

81 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 42 адам үй бақылауына алынды.


Шымкентте өткен тәулікте 123 адамнан коронавирус анықталды

Шымкент қаласында өткен тәулік ішінде КВИ-дің 123 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 92, белгілері жоқ – 31), деп хабарлайды ERNUR.KZ.

81 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 42 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 253 орын бар. Төсек-орын толымдығы 54 %-ды құрайды. Инфекциялық стационарда 137 науқас емделуде.
Шаһарда егу науқаны басталғалы барлығы 592 808 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 576 174 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Pfizer вакцинасының I компонентін 16 840 адам, II компонентін 6 972 адам қабылдады. Сондай-ақ, 34 962 адам ревакцинацияланды.