Шымкентте өткен тәулікте 13 адамнан коронавирус анықталды

0
2 410

Олар өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған.


Шымкентте өткен тәулікте 13 адамнан коронавирус анықталды

Шымкентте өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 13 азамат анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Олар өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.


Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Шымкент қаласында 2020 жылдың 24 наурызынан 15 ақпанға дейінгі аралықта COVID-19 ауруының 6 009 жағдайы тіркелді (3061 - симптомды, 2948 - симптомсыз). Емделіп шыққандар саны – 5 475.

Айта кетейік, 1 тамыздан 15 ақпанға дейін COVID-19 белгілерімен (ICD-10 коды - U07.2) пневмонияның 1433 жағдайы тіркеліп, 1408 адам емделіп шыққан.