Тәртіп бұзған нысандарға әкімшілік хаттамалар толтырылды.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкентте өткен тәулікте арнайы топ өкілдері 277 кәсіпкерлік нысанға тексеру жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Тексеру барысында 3 нысанда карантин талаптарының бұзылғандығы анықталды. Тәртіп бұзған нысандарға әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Соңғы тәулікте қалада адамнан 38 коронавирус анықталған. Қазір 25 науқас инфекциялық стационарға жатқызылып, 13 адам үй бақылауына алынды.