Шымкентте өткен тәулікте 320 адамнан коронавирус анықталды

0
396

Төсек орын толымдығы 44 пайызды құрайды.


Шымкентте өткен тәулікте 320 адамнан коронавирус анықталды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 320 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде белгілері бар 195, белгілері жоқ 125. Вирус анықталған 114 адам инфекциялық стационарға жатқызылса, 206 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 403 орын, жансақтау бөлімінде 72 төсек орын бар. Төсек орын толымдығы 44 пайызды құрайды. Бүгінде инфекциялық стационарда 179 науқас, жансақтау бөлімінде 14 науқас ем қабылдауда.
Сонымен бірге, бір тәулік ішінде қалада 605 адам вакцина алды (I компонент- 133, II компонент- 472). Егу науқаны басталғалы барлығы 593 229 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 577 862 адам вакцинаның екі компонентін алды. Pfizer вакцинасының I компонентін 18 816 адам, II компонентін 8 864 адам қабылдады.Сондай-ақ, 41 773 адам ревакцинацияланды.