Шымкентте ​өткен тәулікте 3482 адамға вакцина салынды

0
729

Егу науқаны басталғалы барлығы 71 284 адам вакцинацияланды.


Шымкентте ​өткен тәулікте 3482 адамға вакцина салынды

2021 жылы 20 сәуір күні қалада 3 482 адам вакцина салдырды (I компонент – 3396, II компонент – 86). Егу науқаны басталғалы барлығы 71 284 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 7004 адам екпенің екі компонентін алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы тұрақты бақылауда. Өткен тәулікте 593 нысанға (559 кәсіпкерлік нысан, 34 жеке нысан) тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 17 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Өткен тәулікте КВИ-дің 80 жағдайы тіркелді (белгілері бар - 56, белгілері жоқ - 24). 24 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 56 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 290 орын бар (қалалық инфекциялық орталық – 490, «Атамекен» клиникасы – 450, Орынбай ГБОО – 70 орын, №14 емдеу орталығы – 250, қалалық перинаталдық орталық – 30). Төсек-орын толымдығы 34 %-ды құрайды, 844 төсек-орын бос.
Індетті жеңудің бірден-бір жолы – вакциналау. Қала тұрғындарын өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, екпе алуға шақырамыз.