Шымкентте өткен тәулікте 40 адамнан коронавирус анықталды

0
408

10 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 30 адам үй бақылауына алынды.


Шымкентте өткен тәулікте 40 адамнан коронавирус анықталды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында 19 қазан күні КВИ-дің 40 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 33, белгілері жоқ – 7), деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде 10 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 30 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 913 орын бар. Төсек-орын толымдығы 35 %-ды құрайды.