Шымкентте "өзіне қол жұмсаған" полиция департаменті баспасөз хатшысының ісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

0
971

Өзін-өзі өлтіруге оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.


Шымкентте

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкентте өз-өзіне қол жұмсамақ болған қалалық полиция департаменті баспасөз хатшысының ісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы М. Бекееваның өзін-өзі өлтіруге оқталу фактісі бойынша (ҚК 105-бабы 1-бөлігі) сотқа дейінгі тергеу жүргізуде”, - делінген баспасөз хабарламасында.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.