​Шымкентте пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату мен пайдалануға бақылау күшейтілді

0
81

Қала бойынша жыл басынан бері пиротехникалық бұйымдарды заңсыз пайдаланудың 44 дерегі тіркелген.


​Шымкентте пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату мен пайдалануға бақылау күшейтілді

Шымкентте тұрғындардан түнгі уақыттағы отшашулар мен шуға қатысты көптеген шағымдардың түсуіне байланысты полиция қызметкерлері қала аумағында пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату мен пайдаланудың жолын кесуге бағытталған екі күндік рейдтік іс-шара өткізді.

Рейд барысында пиротехникалық өнімдерді заңсыз сатудың 19 дерегі анықталды. Лицензиясыз және сақтау талаптарын бұза отырып сатылған 441 дана пиротехникалық бұйым тәркіленді. Құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, елді мекен аумағында түнгі уақытта отшашу атқан азамат анықталды. Ол пиротехникалық бұйымдарды арнайы белгіленбеген жерде пайдаланғаны және түнгі уақытта азаматтардың тыныштығын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Айта кетейік, қала бойынша жыл басынан бері пиротехникалық бұйымдарды заңсыз пайдаланудың 44 дерегі тіркелген.
Полиция заңсыз сатылған және пайдаланылған пиротехникалық бұйымдар үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін ескертеді. Заңсыз айналымдағы өнімдер тәркіленіп, жойылады. Сондай-ақ, түнгі уақытта тұрғындардың тыныштығын бұзған тұлғалар да жауапқа тартылады.
Бөлісу