Шымкентте полицейлер 100 адамдық тойдың үстінен түсті

0
877

Той өткізген тұлғалар мен нысан иелеріне әкімшілік хаттама толтырылды.


Шымкентте полицейлер 100 адамдық тойдың үстінен түсті

ERNUR.KZ. Шымкентте карантинді елемей, той өткізу фактілері тыйылмай тұр, деп хабарлайды polisia.kz

Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері карантин талаптарының сақталуы бойынша күнделікті рейдтік-профилактикалық іс-шараларды жүргізуде. Кезекті тексеру барысында мобилдік топ өкілдері карантин ережелерін өрескел бұзу жайттарын анықтады. Мәселен, Шымкент қаласы Жолдасбеков көшесінде орналасқан "Көксарай" мейрамханасында жиын өткізіліп жатқаны белгілі болды.


Тәртіп сақшылары 50 адам жиналған шараға келушілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жиналған қауымды тарқатты. Сондай-ақ Шымкент қаласы Е.Спатаев көшесінде орналасқан “Керуен сарай” мейрамханасында үйлену тойын өткізгендер анықталды. Мерекелік шараға тосыннан кіріп барған тәртіп сақшылары онда 100-ден аса азамат жиналғанын анықтады. Аталған жайтқа баланысты адамдардың көптеп шоғырлануына жол беріп, той өткізген тұлғалар мен нысан иелеріне ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Өз кезегінде Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері тұрғындардан карантин талаптарын сақтап, бетперде тағып, арақашықты сақтауды сұранады.