​Шымкентте полицейлер оқушылармен профилактикалық кездесу өткізді

0
81

Тәртіп сақшылар тақырып бойынша толыққанды ақпараттандыру және ескерту жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, жастарды жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға, бос уақытын тиімді пайдаланып, жан-жақты дамуға шақырды.


​Шымкентте полицейлер оқушылармен профилактикалық кездесу өткізді

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Алмасбековтың тапсырмасына сәйкес, Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының қызметкерлері «125 JOO HIGH School» мектебінде профилактикалық кездесу өткізді.

Аталған іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңды білудің маңыздылығын жеткізу, құқықбұзушылықтардың алдын алу болып табылады.

Тәртіп сақшылар тақырып бойынша толыққанды ақпараттандыру және ескерту жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, жастарды жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға, бос уақытын тиімді пайдаланып, жан-жақты дамуға шақырды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауаптар берілді.
Кездесу барысында арнайы профилактикалық бейнероликтер көрсетілді.Шара соңында қатысушылар құқықбұзушылықтың алдын алуға байланысты өздерінің, ой-пікірлерін жеткізіп, ұсыныстарын ортаға салды.
Бөлісу