Бұл курс бастықтар мен орынбасарлардың біліктілігін арттыру үшін ұйымдастырылған.
ҚР Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың тапсырасымен Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастықтары мен орынбасарлары үшін семинар-тренинг өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың тапсырасымен Шымкент қаласы Полиция департаментінің кіші мәжіліс залында «Коммуникация және ұлттық қауіпсіздік ғылыми-зерттеу институты» ЖШС оқытушылары басшылардың басқарушылық құзыреттілігін жетілдіру мақсатында 2019 жылдың 2-4 қыркүйек аралығында 3 күндік семинар-тренинг өткізді. Бұл курс аталған Департаменттің басқарма және бөлім бастықтары мен орынбасарларының біліктілігін арттыру үшін ұйымдастырылған.
Айта кетейік, семинар-тренингке 25 басшы құрам қатысып, «ҚР ІІМ басшы құрамның басқарушылық құзыреттілігін жоғарылату» тақырыбында жүргізілді