Азамат жедел жәрдем келгенше, ес-түсін жоғалтқан.
Шымкент қаласында күдікті азамат жауап алу барысында мезгілсіз қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция Департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Шымкент қаласы Полиция Департаментінің ғимаратында қала аумағында бірнеше қымбат шет ел автокөліктерін айдап кету қылмысы бойынша күдікті ретінде жеткізілген 1990 жылғы азамат жауап алу барысында бірден өзін нашар сезінгенін айтқан.
"Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем шақыртылды. Азамат жедел жәрдем келгенше, ес-түсін жоғалтқан. Жедел жәрдем қызметкерлері тексеру барысында оның мезгілсіз қайтыс болғанын растап, тіркеді. Қайтыс болу себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Сараптама нәтижесі қосымша хабарланады", — делінген ақпартта.
Осы факті бойынша ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік Департаментіне және қалалық прокуратураға хабарланыпты.