Шымкенттік тағы бір адвокат Виктор Кривоносов мәйітханаға барғанда жаға ұстатарлық жайтты естігенін айтты.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
ERNUR.KZ. Шымкентте Полиция департаменті ғимаратында көз жұмған жігіттің әкесіне полицейлер ақша ұсынған. Осылайша шенді қызметкерлер мәйітті сараптамаға алып кетпей тұрып алдын ала қамданған көрінеді, деп жазады exk.kz
Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Талғат Есімовтің Instagram-дағы тікелей эфир кезінде айтылды.
Шымкенттік тағы бір адвокат Виктор Кривоносов мәйітханаға барғанда жаға ұстатарлық жайтты естігенін айтты.
"Мәйітті сою жұмысы әлі басталмай тұрып полиция қызметкерлері марқұмның әкесіне джип, ақша уәде еткен. Олар шағым айтпауын сұраған. Ұлынан айырылған әке "Ұлым сатылмайды" деп оларды қуып жіберген. Меніңше олар тергеуге араласып, жауапты өзгерткісі келеді", — деді Виктор Кривоновский.
Адвокат өз сөзінде Полиция департаментінде жәбірлендім деген тағы бір адамның барын айтты. Алайда әзірге оны жария ете алмайды.
Эфир кезінде марқұмның әкесі Ерғара Жұмабаев полицейлер ақша ұсынды деген сөзді растады. Айтуынша, "мұсылманбыз" ғой деген екеу көлік пен ақша ұсыныпты. Және мәйітхананы қайтыс болған жігіттің туыстары кеткенше торуылдап тұрған.