Шымкентте рұқсат құжатынсыз салынған нысан бұзылды

0
415

Рұқсат құжатынсыз салынған құрылыс нысанын мәжбүрлеп бұзу туралы талап-арыз сотқа жолданды.


Шымкентте рұқсат құжатынсыз салынған нысан бұзылды
Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы тарапынан жеке кәсіпкер Умаров Анвар Мусаметұлына қатысты тексеру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Нәтижесінде, кәсіпкерге тиесілі құрылыс нысанының екінші қабатын соғу кезінде тиісті жобалау құжаттамасы әзірленбегені анықталды.

Рұқсат құжатынсыз салынған құрылыс нысанын мәжбүрлеп бұзу туралы талап-арыз сотқа жолданды. Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі негізінде кәсіпкерге тиесілі Әл-Фараби ауданы, Тәуке хан даңғылы, №31/10 мекен-жайында орналасқан нысанның 2-ші қабатын жауапкердің есебінен мәжбүрлеп бұзу жұмыстары жүргізілді.

Тиісті жобалау құжаттамасыз жүргізілген құрылыс нысаны адам өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпті әрі заңға қайшы. Аталған бұзушылықтардың алдын алу мақсатында басқарма мамандары тұрақты түрде тексеру жұмыстарын жүргізіп отырады.