Шымкентте "Рульдегі маскүнем - қылмыскер" айлығы өтті

0
933


Шымкентте

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған "рульдегі маскүнем – қылмыскер" айлығы аясында Шымкент қаласының жергілікті әскери басқару органдарының жеке автокөлік иелерімен профилактикалық кездесу өткізілді.

Кездесу барысында Шымкент гарнизоны әскери полиция бөлімінің қызметкерлері, психолог пен психиатр-наркологтың, сондай-ақ құқық қорғау органдарының өкілдерінің қатысуымен, жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша сабақ өткізді. Сабақ барысында тыңдаушылардың басты назары қоғамдық орындарда және көлікті мас күйінде басқару жауапкершілігіне аударылды.
Шымкент қаласының жергілікті әскери басқару органдарының автокөлік әуесқойлары қоғамының мәліметіне сәйкес, 50-ден астам әскери қызметшінің жеке көлігі бар және күн сайын олар жол қозғалысының белсенді қатысушылары болып табылады және ЖКО қатысушысы болу қаупіне ұшырайды.
Шымкент гарнизоны әскери полиция бөлімінің автомобиль полициясы бөлімшесінің офицері капитан Мейіржан Анықбаев атап өткендей, әскери қалашықтарда және әскери бөлімдерге іргелес аумақта қаза болу және жарақат алу фактілерін азайту үшін жол белгілері тұрақты негізде жаңартылып тұрады. Әскери бөлімдер мен мекемелердегі стендтерде ӘҚБтК-нің баптары, ЖКО кезінде жүргізушілердің іс-қимылы жөніндегі нұсқаулықтар және ЖКО орындарынан фотосуреттер жазылған ақпарат орналастырылады.
- Әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында барлық жеке құрамға өткен кезеңдегі әкімшілік құқық бұзушылықтардың статистикасы жеткізілді. Сондай-ақ тыңдаушыларға әскери полиция дайындаған ЖКО-ның бейнероликтері мен альбомдары көрсетілді. Жол-көлік оқиғалары бұл кездейсоқтық емес, жол қозғалысы ережелерін сақтамаудың және негізсіз өзіне деген сенімділіктің арту салдары, - деп түйіндеді капитан Мейіржан Анықбаев.
Айта кетсек, автомобиль көлігі жоғары қауіптің көзі болып табылады. Жол-көлік оқиғаларының қаупіне әсер ететін факторларды анықтау барлық дәрежелі командирлер мен бастықтар үшін басым міндет болып табылады.
Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі