Шымкентте салмағы 685 грамм болып туылған нәресте перзентханадан шықты

0
992

Нәресте 4 ай бойы дәрігерлердің бақылауында болған.


Шымкентте салмағы 685 грамм болып туылған нәресте перзентханадан шықты

Шымкентте осыдан төрт ай бұрын салмағы небәрі 685 грамм болып туылған кішкентай Үмітжан қалалық перинаталды орталықтан шығарылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

6,5 айлығында және салмағы небәрі 685 грамм болып өмір есігін ашқан нәрестені Шымкенттік дәргерлер аман сақтап қалды. Төрт ай бойы дене салмағының ауырлығы бар нәрестені дәрігерлер алдымен жаңа туған нәрестелерге арналған реанимация бөлімінде, содан кейін жаңа туған нәрестелер бөлімінде емдеді.

«Оның туылу кезіндегі жағдайы толық жетілмегендіктен, өте қиын болды. Перинаталды орталықтың дәрігерлері осы баланы құтқару үшін барлығын жасады. Емдеу кезінде көптеген қиындықтар болды. Жан сақтау бөлімінен шала туылған бөліміне анасымен бірге ауыстырылды. Анасы бала емізуді үйренді.», - дейді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Инна Глазебная.

Үмітжанның анасы - Насиба Абдуллаева. Ол өзінің тұңғыш қызын құшағына басып, отбасымен қауышты.