Шымкентте санитарлық талаптарды сақтамаған кәсіп иелеріне ескерту берілді

0
791


Шымкентте санитарлық талаптарды сақтамаған кәсіп иелеріне ескерту берілді

Шымкентте санитарлық талаптарды сақтамаған кәсіп иелеріне ескерту берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Еңбекші ауданы әкімдігі жанынан құрылған мониторинг тобы күнделікті тексеру жұмыстарын жүргізуде.
Ж. Шаяхметов және Д. Ерімбетов көшелеріндегі коммерциялық нысандарға рейдтік іс шара жүргізген мамандар, кәсіпкерлік нысандардың әлі де санитарлық талаптарды орындауда құлықсыздық танытып отырғанын аңғарды. Түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, санититарлық талаптың нормаларын түсіндірді. Кейбір кәсіп иелеріне ескерту берілді.
Айта кетейік, сауда нысандары міндетті түрде бетпердемен және бір реттік қолғаппен жұмыс істеуі керек. Сонымен қатар ғимарат ішін күніне екі рет залалсыздандырып отыруы тиіс.