Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі хабарлады.
Шымкентте бірқатар көшелерде жаяу жүргіншіге арналған жолақта “Сергек” аппараттық бағдарламалық кешені іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі хабарлады.
Департаменттің мәлімдеуінше, Шымкент қаласы, Б.Момышұлы көшесі «Шымкент Цирк» тұсында жаяу жүргіншіге арналған жолақта “Сергек” аппараттық бағдарламалық кешені іске қосылды. «Жылдамдық 40 км сағатына, автокөлік егелеріне жол ережесін сақтап, жылдамдықты арттырмауға шақырамыз», - делінген хабарламада.
Жалпы Шымкент қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы әкімшілік практика бөлімімен жол қозғалысы ережелерін бұзудың көрсеткіштері зерделенді.
Осы орайда, таяуда Шымкентте «Сергек» камераларының орны ауыстырылды. «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені төмендегі көшелердің бойына ауыстырылған болатын:
- Темірлан тас жолы бойныда орналасқан «Жолшы» дүкені жанына; (жылдамдық 60 км сағатына)
- Арғынбеков көшесі бойындағы Шымкент SPA кешені тұсына; (жылдамдық 60 км сағатына)
- Бәйдібек би даңғылы бойындағы Aster Auta кешені маңайына; (жылдамдық 40 км сағатына)
- Б.Момышұлы көшесі бойындағы «Шымкент Цирк» тұсына; (жылдамдық 40 км сағатына)