Шымкентте «Шаңырақ» орталығының жұмысы бастады

0
749

Орталықта мамандар қиын жағдайдағы отбасыларды кәсіпкерлікке баулып, тиесілі мемлекеттік қолдауларға ынталандырады.


 Шымкентте «Шаңырақ» орталығының жұмысы бастады

Шымкентте «Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығының филиалы жұмысын бастады, деп xабарлайды ERNUR.KZ.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Қасымбек Сайлауовтың айтуына қарағанда, мұндай орталықтарды ашудағы басты мақсат - әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларды өмірлік қиын жағдайдан шығаруға көмектесу, тұрғындардың тұрмысы түзеуге жан-жақты қолдау білдіру.

Басқармаға қарасты мекемеде Абай, Әл-Фараби аудандарының әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тұрғындарына, көп балалы отбасыларына түрлі қызмет көрсетіледі. Қаладағы Әл-Фараби алаңы 3/2 мекенжайда орналасқан жаңа орталықта мамандар оларды кәсіпкерлікке баулып, тұрмысы төмен отбасыларына тиесілі мемлекеттік қолдауларға ынталандыратын болады. Қызметкерлер мұнда заңгерлік, əлеуметтік жəне психологиялық көмек көрсетуден бастап, кəсіпкерлік негіздеріне бағытталған мамандықтар бойынша бизнес жоспар құруға, кәсіп ашуға грант немесе микрокредит алуға, сондай-ақ жұмысқа орналасуға бағыт- бағдар береді. Мұнда мамандар азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыруда тиісті іс шаралар өткізіп, олардың қажетті сұраныстарға қарай түрлі сала мамандарының ұсыныстарын ұйымдастырады.