Шымкентте шетел азаматы көпқабатты ғимараттан құлап қайтыс болды

0
1 265

Жедел жәрдем қызметі 31 жастағы түрік жігітін қалалық бірінші ауруханаға жеткізген.


Шымкентте шетел азаматы көпқабатты ғимараттан құлап қайтыс болды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында көпқабатты ғимараттан құлаған Түрік елінің азаматы қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Атап айтсақ, марқұм салынып жатқан құрылыс нысанының лифтін жөндемек болып, абайсызда төбеден құлап кеткен және оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметі 31 жастағы түрік жігітін қалалық бірінші ауруханаға жеткізген. Алайда, алған ауыр дене жарақаттарынан лифт шатырынан құлаған жігіт емханада көз жұмған.


Қазір бұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалғанын Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Аталған жәйт бойынша Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен ҚР ҚК -нің 156 бабының 3-ші бөлігімен "Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу" сотқа дейінгі тергеп тексеру жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалған», - делінген мәлімдемеде.