​​Шымкентте спорттың 74 түрі дамытылып жатыр

0
334

«SPORT LIFE» кіші футбол орталығының құрылысы аяқталып, жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.


​​Шымкентте спорттың 74 түрі дамытылып жатыр
Шымкентте спорттың 74 түрі дамытылып, 18 490 спортшы мен 912 жаттықтырушы оқу-жаттығу сабақтарын өткізуде.

Бұл туралы Шымкент қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Маратбек Мықтыбеков Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында баспасөз конференциясы барысында айтты.

Басқарма басшысының айтуынша, қазірде Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты 33 спорттық ұйым жұмыс жасайды. Оның ішінде 16 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, 1 мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебі, 2 жоғары спорт шеберлігі мектебі, 1 олимпиада резервін даярлау орталығы, 2 кәсіби спорт клубы, 3 спорт клубы, 1 дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері, 1 спорт ғимараттар дирекциясы, 1 су-спорт кешені және 4 мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясындағы спорт нысандары.
Аталған мекемелерде спорттың 74 түрі дамытылып, 18 490 спортшы мен штаттағы 912 жаттықтырушы оқу-жаттығу сабақтарын жүргізуде.
Айта кетейік 37 олимпиадалық, 28 олимпиадалық емес, 9 ұлттық спорт түрлері. Спортшылар: олимпиадылық спорт түрлері – 12481, қысқы спорт түрлері - 338, олимпиадалық емес спорт түрлері – 4008, ұлттық спорт түрлері – 1322, мүгедектігі бар спортышалар – 341 (пара-72, сурдо-153). Жаттықтырушылар:олимпиадалық спорт – 638, ұлттық – 69, олимпиадалық емес - 182, мүгедектігі бар - 23.

Сонымен қатар, жеке кәсіпкер тарапынан Еңбекші ауданы Еламан тұрғын алабында «ЕЛАМАН» спорт кешені (спорттың ойын, жекпе-жек түрлеріне арналған 3 спорт зал және 1 бассейні бар) пайдалануға берілді.

Оған қосымша «SPORT LIFE» кіші футбол орталығының құрылысы аяқталып, жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.

Алдағы уақытта, Тұран шағын ауданындағы 5 гектар жер телімінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «Паралимпидалық, сурдлимпиалық спорт кешенінің» құрылысын 2025-2026 жылдар аралығында жүргізілетін болады. Қазіргі уақытта, Тұран құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде екендігін атап өтті Маратбек Мықтыбеков.

Бөлісу