Барлық жағдаймен қамтамасыз етілген студенттер үйінің оның тұрғындары үшін ең маңыздысы жатақхана оқу орнына жақын орналасқаны қуантты.
Жаңа оқу жылы М.Әуезов атындағы ОҚУ білім ордасында жаңа үлгідегі Студенттер үйі ашылды.
550 студентке арналған үйде әр қайсысы 2-3 студентке арналған бөлмелерден тұрады. Барлығы жайлы жиһаздармен, замануи техникалармен қамтамасыз етілген. Әр қабатта заманауи жабдықталған асхана және кір жуатын бөлмелер бар. Барлық жағдаймен қамтамасыз етілген студенттер үйінің оның тұрғындары үшін ең маңыздысы жатақхана оқу орнына жақын орналасқаны қуантты.
Студенттер үйі – білім алушылар үшін маңызды әлеуметтік нысан. Ол студенттерге қолайлы тұрмыс жағдайын ұсынумен қатар, олардың білім алуына, мәдени дамуына және әлеуметтік қарым-қатынастарын нығайтуға ықпал етеді. Студенттер үйі жас мамандардың өзіндік орта қалыптастыруына, жаңа достар тауып, әртүрлі іс-шараларға қатысуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл орын жастарды дербестікке үйретіп, жауапкершілік пен тәртіпке баулиды. Осындай үйлердің болуы студенттердің өмір сүру жағдайларын жақсартып, оқу үдерісіне толыққанды көңіл бөлуге септігін тигізеді.