​ШЫМКЕНТТЕ СУ АРНАСЫ АРҚЫЛЫ ТҰРАҚТЫ АҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

0
30


​ШЫМКЕНТТЕ СУ АРНАСЫ АРҚЫЛЫ ТҰРАҚТЫ АҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

Бүгінде Шымкентте ирригациялық жүйелерді тиімді пайдалану арқылы микроклиматты жақсартуға бағытталған жұмыстар қолға алынып отыр.

Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының теңгерімінде 2 өзен, 34 су арнасы, олардың қатарында 1965 жылы пайдалануға берілген Жаңа шек су арнасы да бар. Ұзындығы 18 шақырымды құрайтын бұл арнаның жалпы сыйымдылығы 1000 литр/секунд болса, қазіргі таңда БМК су арнасы арқылы 250 литр/секунд су жіберілуде.

Ағын су Аймауытов, Ақпан батыр, Дулати, Толстой, Иляев, Адырбеков көшелері мен Тәуке хан даңғылы бойындағы ирригациялық жүйелер арқылы Желтоқсан, Қазыбек би көшелері мен Темірлан тас жолы бағытымен өтіп, Ордабасы алаңындағы Қошқар ата өзеніне құяды.
Осыған дейін Жаңа шек арнасы тек жауын суынан келетін тасқынның алдын алу мақсатында қолданылып келген. Себебі айналасындағы алқапқа егін егілмеген, ауыл шаруашылығы мақсатында су пайдаланылмаған.
Ал қазіргі таңда қала әкімінің тапсырмасына сәйкес тұрғындардың ұсыныстары ескеріле отырып, су арнасы арқылы тұрақты ағын қалыптастырылды. Бұл шешім қаладағы микроклиматты оңтайландырып, жасыл желекті сақтап қалуға және жаз мезгіліндегі ауа температурасын реттеуге мүмкіндік беруде.
Бөлісу