Заңсыз айналымнан 10 бірлік қару, 3 дана снаряд, 2 дана суық қару және 1 дана оқ-дәрі алынды.
«Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында қаруды сақтау және тіркеу ержелерін бұзған 64 адам жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласының Полиция департаменті бастығының бұйрығына сәйкес, қала аумағында жедел жағдайды сауықтыру, отты атыс қарумен жасалған қылмыстардың алдын алу мақсатында ақпан айының 3-і мен наурыз айының 2-і аралығында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара барысында осы күнге дейін ішкі істер органдарында тіркеудегі 6282 қару иесінің 1234 тексеріліп, 64 қару иесінен қаруды сақтау және тіркеу ережелерін бұзу фактілері анықталып, оларға әкімшілік шара қарастырылды.
Заңсыз айналымнан 10 бірлік қару, 3 дана снаряд, 2 дана суық қару және 1 дана оқ-дәрі алынды.