​ШЫМКЕНТТЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СЕМИНАР ӨТТІ

0
192


​ШЫМКЕНТТЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СЕМИНАР ӨТТІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті ұйымдастырған оқыту семинары жергілікті комплаенс қызметкерлеріне арналды.

Бұл семинар квазимемлекеттік сектордың комплаенс офицерлерінің қатысуымен өтті.

Комплаенс қызметтері сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйенің маңызды бөлігін құрайды, олардың міндеті – заң үстемдігін, өзара сенім мен ашықтықты қамтамасыз ету. Шымкент қаласы әкім аппараты басшысының орынбасары Бағлан Асанбаев бұл бағыттағы жұмыстарды атап өтіп, семинардың жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқанын айтты. Ол комплаенс офицерлерінің белсенді жұмысы жемқорлық фактілерін азайтуға мүмкіндік беретінін мәлімдеді.
Семинар барысында квазисектор саласында қоғаммен байланыс орнатудың тиімді коммуникация дағдылары мен жобалық менеджмент жүйесін енгізудің маңызы туралы тақырыптар талқыланды. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент филиалының доценті Сәуле Рысбаева коммуникация дағдыларының әдіс-тәсілдерін түсіндіріп, қазіргі таңда ашықтық пен айқындық қағидаларының өзектілігін атап өтті.
Бөлісу