Саяси мемлекеттік қызметшілер орынбасарлары сыбайлас жемқорлық жасаса, міндетті түрде отставкаға беруі тиіс.
Бүгін Шымкент қаласының активіне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген жаңа толықтырулар түсіндірілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жиынға қатысқан қала әкімі Е.Айтаханов Мемлекет басшысы қол қойған сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген жаңашылықтың мән-маңызына тоқталды.
«Бұл заңның қабылдануы Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа кезеңі басталғанын білдіреді. Егемен еліміздің тарихында тұңғыш рет басшылардың қол астындағы қызметкерлері үшін жауапкершілігі заңнамалық деңгейде бекітілді. Сонымен қатар, заңда басшылардың бағынышты қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық қылмысын жасатпауға, оның алдын алуға міндетті екені көрсетілген», - деді Ерлан Қуанышұлы.
Сондай-ақ, заңнамаға енгізілген жаңа толықтыруларды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы А.Жұмағали және оның бірінші орынбасары Т.Серікбаев кеңінен түсіндіріп өтті.
«Бұдан былай саяси мемлекеттік қызметшілер – министрлер мен олардың орынбасарлары, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс әкімдері мен олардың орынбасарлары, аудан әкімдері тікелей бағынышты қызметкерлері сыбайлас жемқорлық жасаса, міндетті түрде отставкаға беруі тиіс. Бұл заң бойынша басшылар бағынышты қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық қылмысын жасатпауға, оның алдын алуға міндетті. Ал, міндет орындалмаған жағдайда басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады», - деді А.Жұмағали.
Мемлекет басшысының жоғарыда аталған бастамаларының аясында қала әкімі жетекшілік ететін ұйымдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша сапалы жұмысты қамтамасыз етуді, сондай-ақ, өңірдегі мемлекеттік қызметкерлер арасында заңды кеңінен түсіндіруді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласын ерекше бақылауға алуды тапсырды.
Айта кетейік, аталған заң мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін жоғарылатуға