Шымкентте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жиын өтті

0
495

Кездесуде 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасының жобасы таныстырылды.


Шымкентте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жиын өтті

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шараға аудан әкімі Р.Мыңбаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова, ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі, мемлекеттік қызмет саласының құрметті азаматы А.Әлішев, бизнес өкілдері мен мекеме қызметкерлері қатысты.
Кездесуде 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасының жобасы таныстырылып,сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер, жемқорлықтың орын алу жағдайлары мен оның алғышарттарын жою жөнінде ақпарат берілді.
Сонымен қатар, адам бойындағы парасаттылық арқылы жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыруға бірлесе жұмыс жасағанда ғана жетуге болатындығы әңгімеленіп, ұжымда парасаттылық құндылықтарын дәріптеудің маңыздылығы талқыланды.
Шара соңында Департамент қызметкері сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін азаматтарды көтермелеудің жүйесі жайында ақпарат берді. Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адам соттың айыптау үкімінен кейін пара немесе залал сомасының 10 пайызын ала алады, бірақ бұл көрсеткіш төрт мың айлық есеп көрсеткішінен аспайды.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы нақты мәліметтерді Агенттіктің 1424 Call орталығына хабарлап айтуға болатыны ескертіліп, жиынға қатысушылар тарапынан қойылған бірқатар сауалдарға жауап берді.