​ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ БІР МҰЗ АЙДЫНЫ АШЫЛДЫ

0
53

Жалпы аумағы 1830 шаршы метр айдынға қала тұрғындары мен қонақтары келіп, бос уақыттарын тиімді өткізе алады.


​ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ БІР МҰЗ АЙДЫНЫ АШЫЛДЫ

Шымкент қаласында тұрғындардың қысқы демалысын тиімді әрі мазмұнды ұйымдастыру мақсатында ашық аспан астындағы мұз айдындары көбейіп келеді.

Бұған дейін қала аумағында екі ірі мұз алаңы мен Мұз сарайы алдындағы айдын жеке кәсіпкерлердің бастамасымен пайдалануға берілген болатын. Енді солардың қатары Арбат аллеясында орналасқан жаңа мұз айдынымен толықты.
Жалпы аумағы 1830 шаршы метр айдынға қала тұрғындары мен қонақтары келіп, бос уақыттарын тиімді өткізе алады. Ол үшін барлық қолайлы жағдай жасалған.
Бұл бастамалар тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз қысқы демалыс ортасын қалыптастыруға, сондай-ақ, мегаполистің спорт және мәдени өмірін түрлендіруге бағытталған.
Бөлісу