Шымқалалық жас ана - 32 жастағы Динара Налибаева енді алты баланың анасы атанды.
Шымкент қаласында дүниеге үшем келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Шымқалалық жас ана - 32 жастағы Динара Налибаева енді алты баланың анасы атанды.
Үшем қарашаның 24-те туылған. 33 аптасында жарық дүние есігін ашқан үшемнің салмағы1300-1700 грамм болған. Бойлары 38-40 см.Екі аптада салмақ қосып қоңданып қалған үшем бүгін перзентханадан шығарылады.
Динара Налибаеваны дәрігерлер ота арқылы босандырған. Үшемге Омар, Осман, Зейнеп деген есімдер беріліпті. Бүгінде денсаулығы бірқалыпты үшемнің салмағы да әжептеуір. Осман 1890 гр болса, Омар 2890 гр, Зейнеп 2750 гр боп оңалып қалған.
Динара Нәлібаеваның бұған дейін тағы да екі қыз, бір ұлы бар. Тұңғыштары жеті жаста. Үшемнің әкесі Шахшаханбай Мәди - 35 жаста.
Айта кетейік, статистикалық мәліметке сүйенсек,Шымкентте жыл сайын 7-13 үшем дүниеге келеді екен. Соңғы он жылда Шымқалада 167 үшем туылған. Жалпы, жыл басынан бері еліміздің үшінші мегаполисінде 24 378 нәресте дүниеге келген екен.