Шымкентте «Таза тамыз» профилактикалық іс-шарасы өтті

0
1 152

Ұйымдастырушылар аталған іс-шараны тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.


Шымкентте «Таза тамыз» профилактикалық іс-шарасы өтті

Шымкентте жүргізілушілер арасындағы сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған «Таза тамыз» рейді ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған іс-шараға ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңесінің, сондай-ақ, қалалық Полиция департаменті мен Арнайы мониторингтік топтың өкілдері қатысты.


Профилактикалық рейд туралы «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Е.Төлебаев: «Сыбайлас жемқорлықты жою тек мемлекеттік аппараттағы ғана емес, әрбір қазақстандықтың санасындағы жүйелі өзгерістерді талап етеді. Сондықтан, біздің бастамамыз бойынша полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілер арасында «пара беру заңмен жазаланады» деген сөздерді айтуда. Бұл арқылы қаланың әрбір тұрғынына сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін жауапкершілікті жеткізгіміз келеді», - дейді.

Сондай-ақ, іс-шара барысында «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі дайындаған жүргізушілерге арналған арнайы жадынамалар таратылды. Ал, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің қалалық департаменті мен полиция департаменті осы тұрғыдағы рейдтік іс-шараларды тұрақты өткізуді жоспарлап отыр.