Шымкентте төрт күндік рейд басталды

0
1 389

Аталған рейд 29-30 сәуір және 2-3 мамыр аралығында өтетін болады.


Шымкентте төрт күндік рейд басталды

Бүгін, Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі Жол-патрульдік полкінің қызметкерлерінің қатысуымен «Шымкент - адалдық алаңы» жобасы аясында «Адалдық жолында» атты рейді басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған рейд 4 күн бойы, яғни, 29-30 сәуір және 2-3 мамыр аралығында өтетін болады.

Рейдтік іс-шараның біркүндік нәтижесінде қаладағы жол қозғалыс ережелері бойынша құқық бұзушылықтар анықталып, мәселен, қаланың орталық көшесінің бірінде тоқтауға тыйым салынған жерде жол жүрісі ережесін сақтамаған автокөліктердің тұрғаны анықталып, оларға сол жерде әкімшілік хаттамалар арнайы планшет арқылы толтырылып, айыппұл түбіртектері берілді. Сондай-ақ, оларға және басқа да жол қатысушыларына арналған арнайы жүргізушіге жаднамалар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


Шараға «Шымкент - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, сондай-ақ қалалық полиция департаментінің қызметкерлері және арнайы мониторинг тобының мүшелері қатысу жоспарлануда.

Бұл жоба қала тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді. Сондай-ақ қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезінде азаматтық қоғаммен тығыз өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді деген үміт артылып отыр.

Дереккөз: Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі