Шымкентте тұмау жағдайлары артып, эпидемиологиялық маусымға дайындық күшейтілді

0
506

ЖРВИ ішінде тұмаудан басқа вирустар биылғы эпидемиологиялық маусымда 16 рет, ал өткен маусымда 20 рет анықталған.


Шымкентте тұмау жағдайлары артып, эпидемиологиялық маусымға дайындық күшейтілді

2024 жылдың алғашқы 8 айында Шымкент қаласында ЖРВИ аурушаңдығы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,15%-ға төмендеген.

Алайда, тұмау көрсеткіші 1,66 есеге өсіп, эпидемиологиялық жағдай нашарлаған.

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен «Тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алу: вакцинация және дәрігерлердің ұсыныстары» тақырыбында баспасөз конференциясында Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті басшысының орынбасары Тұрымбетова Айгүл Мелесқызы кеңінен баяндап берді.

Айгүл Мелесқызының айтуынша, 2023-2024 жылдың эпидемиологиялық маусымында (қазаннан сәуірге дейін) тұмаудың 138 жағдайы А (H3N2) түрімен, ал 1 жағдайы В түрімен тіркелген. Өткен маусымда А (H3N2) бойынша 3, ал В түрімен 103 жағдай анықталған болатын. Сырқаттанушылық 1,3 есеге өскен, ал ауруға шалдыққандардың 33%-ы – 14 жасқа дейінгі балалар.

ЖРВИ ішінде тұмаудан басқа вирустар биылғы эпидемиологиялық маусымда 16 рет, ал өткен маусымда 20 рет анықталды.
Сонымен қатар, медициналық мекемелерде ЖРВИ, тұмау және COVID-19-ға қарсы алдын алу шаралары күшейтілді. 1 қыркүйектен бастап барлық мекемелер вакцинация науқанына дайындықты аяқтап, медицина қызметкерлері бетперде режиміне көшкен.
15 қыркүйектен бастап осал топтарға тұмауға қарсы тегін вакцинациялау жүргізіледі. Сонымен қатар, кіреберістерде ЖРВИ және тұмау белгілері бар науқастарды анықтауға арналған арнайы сүзгілер ұйымдастырылып, мекемелерде дезинфекциялық және температуралық режимдер күшейтілетін болады.

Айта кету керек, аталған баспасөз брифингінде Шымкент қаласына Ресейдің «Петровакс Фарм» компаниясы шығарған «Гриппол Плюс» үшвалентті тұмауға қарсы вакцинасының 150 мың дозасы жеткізілгені айтылды.

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен «Тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алу: вакцинация және дәрігерлердің ұсыныстары» тақырыбында баспасөз конференциясында Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Дүйсенбаева Сәуле Сансызбайқызы баяндап берген болатын.

Бөлісу