Шымкентте тұрғын үй кезегі мыңнан астам адамға жылжыды

0
1 104

Шымкент қаласы бойынша қазіргі таңда 44842 азамат тұрғын үй кезегінде тіркелген.


Шымкентте тұрғын үй кезегі мыңнан астам адамға жылжыды

Шымкент қаласында 2021 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша тұрғын үй кезегі санаттарына сәйкес 1153 адамға жылжыды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Олардың ішінде ағымдағы жылы тұрғын үй кезегі арқылы жалдамалы баспанамен қамтылған көп балалы отбасылар, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топ мүшелері, жетім балалар санаты және арендалық тұрғын үйлі болған жұмыс істеп жүрген жастар, сондай-ақ несиелік бағдарламалар бойынша тұрғын үйлі болған азаматтар және тұрғын үй кезегі санаттарын жоғалтқан азаматтар бар.
Айта кету керек, тұрғын үй кезегі жалдамалы баспанамен қамтылған және несиелік бағытта пәтер алған, бұдан бөлек тұрғын үй кезегі санатын жоғалтқан азаматтар тұрғын үй кезегінен шығарылу арқылы жылжып отыр.
Ескерте кететін жәйт, мәселен сіздің тұрғын үй кезегіңіз 1000-шы болса, осы көрсеткішке дейінгі азаматтар баспанамен қамтылып тұрғын үй кезегінен шығарылса, бұл сіздің тұрғын үй кезегіңіздің жылжуына әсер етеді. Ал кезек бойынша сізден кейінгі тұрған азаматтар бағдарламаларға қатысып несиелік бағытта баспанамен қамтылу арқылы кезектен шығарылса, ол сіздің тұрғын үй кезегіңіздің жылжуына әкеліп соқпайды.

Шымкент қаласы бойынша қазіргі таңда 44842 азамат тұрғын үй кезегінде тіркелген. Ағымдағы жылы 976 отбасыны арендалық пәтермен қамту жоспарланып, бүгінгі таңда құрылыс басқармасы тарапынан 696 пәтер пайдалануға тапсырылды. Ал оның ішінде 300 пәтері жұмыс істейтін жастарға биылғы жылдың басында табыс етілді. Сонымен бірге, 308 пәтер бойынша тұрғын үй комиссияның шешімі қабылданып, жалдау шарттарын беру толығымен аяқталып, азаматтарға қолданысқа берілді. Бұдан бөлек жыл басынан бері 554 азамат несиелік бағытта тұрғын үймен қамтылса, оның ішінде 290-ы тұрғын үй кезегінде тіркелгендер тізімінде.