Бұған дейін Шымкент қаласының дін басқармасының басшысы лауазымында болды.
Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қалалық туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының басшысы лауазымына Әділханов Бексұлтан Ержанұлы тағайындалды.
Бексұлтан Әділханов М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ құқық мамандығы бойынша, академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша тәмамдаған.
2017-2020 жылдары Шымкент қаласы әкімі аппараты заң бөлімінің бас маманы болған.
2020-2021 жылдары Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасы қоғамдық ұйымдармен жұмыс, талдау және мониторингі бөлімінің басшысы және ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы қоғамдық-саяси ахуал бөлімінің басшысы,
2021-2023 жылдары ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2023 жылдың желтоқсан айынан бастап Шымкент қаласының дін басқармасының басшысы лауазымында болды.