Автокөліктерді заңсыз иемденіп алған.
сурет: ұстау сәтіндегі видеодан скриншот
Шымкентте қалалық ПД-нің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы операция барысында бопсалаушылар тобын құрықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Топ мүшелері 20-40 жас аралығындағы азаматтар. Олардың басым бөлігі бұрын соңды бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Полицияға он адам жеткізілді, оның ішінде топтың ең белсенді төрт мүшесі қамауға алынды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.