​Шымкентте ұландықтар «Мектепке жол» акциясына қолдау көрсетті

0
130

Мұндай игі бастамалар жыл сайын өткізіліп, Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінде жақсы дәстүрге айналды.


​Шымкентте ұландықтар «Мектепке жол» акциясына қолдау көрсетті

Жаңа оқу жылының қарсаңында Шымкент қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының 6506 және 6698 әскери бөлімдері дәстүрлі республикалық «Мектепке жол» акциясына қатысты.

Акция аясында әскери қызметшілер биыл алғаш мектеп табалдырығын аттайтын әскери қызметшілердің балаларына салтанатты түрде мектеп сөмкелері мен кеңсе тауарларын табыстады. Барлығы 50-ге жуық бірінші сынып оқушысы оқу жылының сәтті басталуына қажетті құрал-жабдықтар жиынтығын алды.

6506 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Бауржан Шораев:– Мектепке алғаш қадам басқан әр бала ерекше көңіл мен қолдауға лайық. Біз әскери қызметшілеріміздің отбасылары үшін маңызды кезеңде өз үлесімізді қоса алғанымызға қуаныштымыз. Оларға қамқорлық көрсету — біздің әскери дәстүріміздің бір бөлігі, – деп атап өтті.

Мұндай игі бастамалар жыл сайын өткізіліп, Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінде жақсы дәстүрге айналды. Басшылық тарапынан әскери қызметшілер мен олардың отбасыларына қолдау көрсету әрдайым басты назарда болмақ.

Бөлісу