Шымкентте Ұлттық халық санағына дайындық жұмыстары жалғасып жатыр

0
526

Санақ жұмыстарын жүйелеу мақсатында Әл-Фараби ауданында 5 штаб құрылған.


Шымкентте Ұлттық халық санағына дайындық жұмыстары жалғасып жатыр

Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев Шымкент қаласының Статистика департаменті мамандарымен бірлесе Спорт шағын ауданының №2,3,4 үйлерін аралап шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түсіндіру жұмыстары барысында тұрғындарға Ұлттық халық санағының қаншалықты маңызды екенін айтып, белсенділік танытуға шақырды.

Аталған жұмыстарға дайындық маусым айында басталып, Сауле, Көркем (Забадам), Көркем (195,275,257) шағын аудандарында үй басқарушыларымен бірлесе жиналыс өткізілген болатын.
Санақ жұмыстарын жүйелеу мақсатында Әл-Фараби ауданында 5 штаб құрылған. Олар ауданға қарасты №15, №19, №35, №77, №129 мектептерде орналасқан. Сондай-ақ Әл-Фараби ауданының әкімі аппараты ғимаратында Статистика департаменті қызметкерлері жұмыс атқаруда. Бүгінде аудан аумағында жалпы 5 нұсқаушы-бақылаушы және 33 интервьюер дайындық жұмыстарын жүргізіп келеді.