Шымкентте Ұлы Жеңістің 78 жылдығына арналған салтанатты іс шара өтті

0
1 809

Қазіргі таңда қалада 3 ардагер 2 мыңнан аса тыл ардагері тұрады.


Шымкентте Ұлы Жеңістің 78 жылдығына арналған салтанатты іс шара өтті

Бүгін Шымкентте Ұлы Жеңістің 78 жылдығына арналған салтанатты іс шара өтті. Мерекелік жиынға қала әкімі Мұрат Әйтенов пен мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен ардагерлердің ұрпақтары қатысып, "Даңқ" мемориалдық кешеніне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Салтанатты шарада әскери үрмелі аспаптар оркестрі тақырыптық марштар орындап, мерекелік көңіл күй сыйлады.
Қонақтар «Майдан даласы» алаңына бет алып, ардагерлерге және тыл еңбеккерлеріне арналған әскери өмірден театрландырылған көріністерді тамашалады. Қанды соғыс жылдарын бейнелеген қойылымдар көпшілікке ұмытылмас әсер сыйлады.

Қонақтарға майдандағыдай «дала ботқасы» ұсынылды. Өнерпаздар зұлмат кезеңді тақырыпқа арқау еткен “Катюша”, “Ана туралы баллада”, “Жеңіс күні”, “Кестелі орамал” әндерін әуелете шырқады.

Айта кетейік, соғысқа Шымкенттен 23 мыңнан астам азамат аттанды. Қазіргі таңда қалада 3 ардагер 2 мыңнан аса тыл ардагері тұрады.