Шымкент қаласындағы пәтерлердің бірінен үндістандық екі студенттің мәйіті табылды.
Студенттер Үндістаннан келіп Оңтүстік Қазақстан облысының медициналық академиясында оқып жүрген.
112 нөміріне 21 және 22 жастағы студенттердің қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен. Алдын ала болжам бойынша олар уланған болуы мүмкін.
"Аталған жайт бойынша қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізілуде. Мәйіттерді визуалды қарау кезінде зорлық-зомбылықтың көрінетін белгілері анықталмады. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сараптамалар тағайындалды", делінген Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.