​Шымкентте Ынтымақ-2 және Бозарық тұрғын алаптары газдандырылды

0
284

Газ құбырларының құрылысы 2023 жылы басталған болатын.


​Шымкентте Ынтымақ-2 және Бозарық тұрғын алаптары газдандырылды

ERNUR.KZ. Шымкент халқына қолайлы жағдай жасап, табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Абай ауданы тұрғындармен бірге Ынтымақ-2 және Бозарық тұрғын алаптарын газға қосуға қатысты.

Газ құбырларының құрылысы 2023 жылы басталған болатын. Аталған шағын аудандарды газдандыру аясында 6000-нан астам абонент көгілдір газға қол жеткізді. Бозарық шағынауданында 1500-ге жуық, Тұран шағынауданында 4500-ден аса тұрғын үйге газ берілді.
Қала әкімі халықты сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру басым бағыттар екеніне тоқталды.
«Елдімекендерді жоспарлы газдандыру экологияны жақсартуда және орнықты дамытуда, қолайлы орта қалыптастыруда маңызды қадам болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады», - деді Ғ.Сыздықбеков.
Табиғи газға қосылуды жеделдету үшін тұрғындар «Qazaqgaz Aimaq»АҚ-на өтінімдер мен құжаттарды ұсыну қажет.