​ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ГҮЛЗАРЛАР МЕН ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫ САЛЫНАДЫ

0
182


​ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ГҮЛЗАРЛАР МЕН ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫ САЛЫНАДЫ

Шымкент қаласындағы аудандарда абаттандыру және көгалдандыру қарқынды жүргізілуде.

Атап айтқанда биыл Абай ауданы аумағында жоспар бойынша 5 жерге әмбебап демалыс орындарын (гүлзарлар) салу жоспарланған. Қазіргі таңда құрылыс басталып, кейбір нысандар пайдалануға берілді.

Бұл гүлзарлар Достық шағынауданындағы Ақбосаға және Ақсу-Аюлы көшелерінде, Қызылжардағы Тоқбәйге көшесінде, Нұршуақ шағынауданындағы Миялы көшесінде және Асар-2 шағынауданындағы Нұр жол көшесінде бой көтереді.
Сонымен қатар, Асар шағынауданындағы тозығы жеткен 4 гүлзар қайта жаңартылуда.
Жалпы гүлзарлар орналастыру барысында 9 400 шаршы метр аумаққа көгал төселіп, 850 түп қарағаш және 100 түп шырша көшеті егілді. Бұл жұмыстар қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға және тұрғындарға қолайлы демалыс орындарын ұсынуға бағытталған.
Бөлісу