​ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА СТАДИОН ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ЖОБАСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

0
54

Кездесуде энергия тиімділігіне, көрермендер мен іс-шара қатысушыларының жайлылығына ерекше назар аударылды.


​ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА СТАДИОН ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ЖОБАСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Qazaq Stroy» құрылыс компаниясының басшылығымен кездесу өткізіп, жаңа стадионның құрылыс барысы мен жобалық шешімдерін жан-жақты қарастырды.

Кездесу барысында жобаны іске асырудың негізгі кезеңдері, бекітілген жұмыс кестесінің сақталуы және техникалық талаптардың толық орындалуы талқыланды.

Жиын аясында болашақ аренаның макеті таныстырылып, жобалық-сметалық құжаттама егжей-тегжейлі қаралды. Жоба заманауи спорттық инфрақұрылымға қойылатын негізгі талаптардың барлығын қамтиды. Атап айтқанда, стадионның архитектуралық келбеті, функционалдық аймақтарға бөлінуі, қауіпсіздік нормаларына сәйкестігі, мультимедиялық технологияларды енгізу және орнықты даму қағидаттары толық ескерілген.
Кездесуде энергия тиімділігіне, көрермендер мен іс-шара қатысушыларының жайлылығына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар инженерлік желілерді тарту, көлік және жаяу жүргіншілерге қолжетімділікті қамтамасыз ету, іргелес аумақты кешенді абаттандыру мен көгалдандыру мәселелері жеке-жеке пысықталды.
Жоба аясында аумақты көгалдандыру, қолайлы орта қалыптастыру және нысанды ауданның қолданыстағы инфрақұрылымымен үйлестіру көзделген. Аталған жобаның жүзеге асырылуы Шымкент қаласының спорттық және әлеуметтік инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам болмақ.
Бөлісу