Шымкентте жаңа заманауи перзентхана салынады

0
808

Бұл туралы шаһар басшысы Мұрат Әйтенов қалалық мәслихат депутаттарының кезекті ХХІІ сессия отырысында баяндады.


Шымкентте жаңа заманауи перзентхана салынады

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте Денсаулық сақтау саласындағы жан басына қаржыландыру жүйесі оң нәтиже беруде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы шаһар басшысы Мұрат Әйтенов қалалық мәслихат депутаттарының кезекті ХХІІ сессия отырысында баяндады.

Жиын барысында Мұрат Дүйсенбекұлы 2025 жылға дейін жаңа заманауи перзентхана және жеке инвесторлардың есебінен 800 орындық клиника мен 6 медициналық орталық ашылатынын жеткізді.

Соңғы 4 жылда 214 мың адамға қызмет көрсететін 10 жеке емхана ашылды. Нәтижесінде мемлекеттік емханалардың жүктемесі 20%-ға азайды.
Қалада жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсетілуде.
Жеке инвестор есебінен ПЭТ/КТ сәулелі терапия орталығы ашылды. Бұл орталықта қатерлі ісік ауруын бастапқы сатысын анықтап, алдын ала емдеуге мүмкіндік береді.
Жүрекке 402, бүйрекке 12, бауырға 5 операция жасалды.
Биыл №2 ауруханада бауыр циррозы бойынша бірегей ота жасалып, 1 сәуірден бастап аурухананың базасында амбулаторлық коронароангиография және стендттеу қызметі көрсетілуде.