​Шымкентте жанармай таситын көлік аударылып, жүргізушісі қаза тапты

0
90

Оқиға орнынан көлік кабинасынан ер адамның мәйіті табылды.


​Шымкентте жанармай таситын көлік аударылып, жүргізушісі қаза тапты

сурет әлеуметтік желідегі видеолардан скриншот

Шымкент қаласында жанармай таситын көлік аударылып, өртке оранды. Жол апаты салдарынан жүргізуші қаза тапты.

Оқиға 18 қарашада Тұран ауданындағы Ташкент тасжолында болған. Апаттан кейін ауыр жүк көлігі аударылып, отқа оранған. Жалын көлікті ғана емес, жолға төгілген жанармайды да шарпыған.

Өрт сөндірушілер тілсіз жауды толық сөндірді. Оқиға орнынан көлік кабинасынан ер адамның мәйіті табылды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасының себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.

Бөлісу