​ШЫМКЕНТТЕ ЖАСАЛҒАН ОЙЫНШЫҚТАРҒА КӨРШІ ЕЛДЕРДЕН СҰРАНЫС БАР

0
422

Балалар ойыншығы Қырғызстан, Өзбекстан елдері мен еліміздің барлық қалаларына сатылуда.


​ШЫМКЕНТТЕ ЖАСАЛҒАН  ОЙЫНШЫҚТАРҒА КӨРШІ ЕЛДЕРДЕН СҰРАНЫС БАР

Шымкентте жылына 200 мыңнан астам ойыншық өнімдері өндіріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінде бұл бағытта үш кәсіпорын іске қосылған.

Өндіретін өнім көлемі бойынша ауқымдысы - "Оңтүстік" индустриялық аймағында орналасқан пластикалық ойыншықтар шығаратын кәсіпорын. 2016 жылы қолға алынған 33,5 млн. теңгені құрайтын инвестициялық жоба әртүрлі типтегі ойыншықтар шығаруға бағытталған. Қазір мұнда 10 адам тұрақты жұмыс істейді. Зауыттан жылына 150 мыңнан астам пластикалық ойыншықтар шығарылуда.
"Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді. Зауыт иелеріне инфрақұрылыммен қамтылған жер телімі берілді. Жергілікті өндіріс орны былтыр "Халыққа арналған ең жақсы тауар» номинациясын иеленген болатын. Бүгінгі таңда кәсіпорын штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Алдағы уақытта кәсіпкерлер қытайлық әріптестерімен бірлесе жаңа бағыттарды іске қосуды жоспарлауда. Зауытта автоматтандырылған құрылғылардың көмегімен жұмсақ ойыншықтар шығарыла бастайды.
Сондай-ақ “Baby plast”, “Сайрам Пласт” кәсіпорындары да тапсырыспен ойыншық өнімдерін шығаруда. Қазір қала аумағында өндірілген балалар ойыншықтары Қырғызстан, Өзбекстан елдері мен еліміздің барлық қалаларына сатылуда.