Шымкентте ​«ЖАСТАР – ІЗГІ ҚОҒАМ АЙНАСЫ» атты тақырыбында рухани-танымдық форум өтті

0
1 241

Дәстүрлі құндылықтарды сіңдіре отырып, рухани-танымын өсіруге бағытталған.


Шымкентте ​«ЖАСТАР – ІЗГІ ҚОҒАМ АЙНАСЫ» атты тақырыбында рухани-танымдық форум өтті

ERNUR.KZ. Бүгін, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы мен дін істері басқармасының ұйытқы болуымен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ғимаратында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Құранбек Сәрсен Абайұлының қатысуымен «Жастар – ізгі қоғам айнасы» тақырыбында рухани – танымдық форумы өтті.


Форумың мақсаты - азаматтардың, әсіресе жастардың әлеуметтік-қоғамдық өмірге белсенді араласуын, олардың ортақ мақсатқа жету жолында күш біріктіруін қамтамасыз ету. Дәстүрлі құндылықтарды сіңдіре отырып, рухани-танымын өсіруге бағытталған.

Форумда Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы, ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігі бас имамының орынбасары Ақтамберді Мұсабек жастарға арнап сөз сөйледі. Сондай-ақ, форум барысында дін мен дәстүрге, бала тәрбиесіне, деструктивті діни ағымдардан сақтануға қатысты тақырыптарда баяндамалар жасалды.

Іс-шара соңында, форумда ұсынылған бастамаларды қолдай отырып, мемлекеттің жарқын болашағы мен кемелденуі үшін, жастарды заманға сай білім алуға, дәстүрлі құндылықтарды сақтай отырып, жат діни ағымдардан сақтануға, рухани-танымды дамытуға шақырып, үндеу жарияланды.