​Шымкентте «Жасыл ел» еңбек жасағының маусымы аяқталды

0
521

Қалада еңбек жасақтарының биылғы маусымында 1313 жас жұмыспен қамтылды.


​Шымкентте «Жасыл ел» еңбек жасағының маусымы аяқталды

Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығында «Жасыл ел» еңбек жасақтары маусымының жабылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Мұратжан Шотанов биылғы маусымды қорытындылап, жобаның маңызына тоқталып өтті.

«Жасыл ел» еңбек жасақтары – ел аумағында жастарды кең ауқымда қамтыған жобаның бірі. Осы жастар қаланың көгалдандыру жұмыстарына белсене араласып, алаңдарда, саябақтарда абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Еңбектеріңізге алғысымды білдіремін. Жоба одан әрі жалғасын табады, – деді басқарма басшысы.

Жалпы, «Жасыл ел» еңбек жасағы 2005 жылдан беастап жүзеге асырылып келе жатқан кешенді бағдарлама. Аталмыш бағдарлама көптеген жастың Отанға деген сүйіспеншілігін оятып, елімізді жасыл желекке айналдыру мақсатында олардың жалын-жігерін, күш-қуатын бір арнаға тоғыстыра алды. Сондай-ақ, жастарға жазғы демалыстарын босқа өткізбей, жұмыс істеп, қосымша қаржы табуға молынан мүмкіндік тудырды. Осы орайда Шымкентте де еңбек жасақтарында еңбек етіп жүрген жастар саны жылдан жылға артып келеді. Бұл қаладағы жұмыссыз жастардың санын азаюына да ықпал етіп отыр. Атап айтқанда қалада еңбек жасақтарының биылғы маусымында 1313 жас жұмыспен қамтылды

Салтанатты жиында М.Шотанов жобаға белсене қатысып, қаланың көркеюіне үлес қосқан жастарды Алғыс хаттармен марапаттады.

Жастар қозғалысы алдағы уақытта өз жалғасын таба бермек. Өйткені, «Жасыл елдегі» жастар қатары тек қана аймағымыздың көгалдануына ғана емес, оған қоса біздің ортақ шаңырағымыз - Қазақстанның өркендеуіне жаңа буынды тәрбиелеуде маңызы зор.

Айта кетейік, «Жасыл ел» бағдарламасының жүзеге асып жатқанына биыл 27-ші жыл. «Жасыл Ел» еңбек жасақтары 14-29 жас аралығындағы жастардың жазғы демалыс кезеңінде студенттік отрядтарда әр түрлі бағыттар бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік береді.